Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкіл Серік Сүлейменовті қызметінен босатты.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Мемлекет басшысы қол қойған тиісті өкімді жариялады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Тоқаев 2020 жылдың 8 сәуірінде Сүлейменовті «Байқоңыр» кешенінде өзінің арнайы өкілі етіп тағайындаған. Сол жылдың 1 сәуірінде Бақытжан Намаев атқарып отырған қызметінен босатылды.