Премьер-Министрдің орынбасары ӨЖЖ өндіретін кәсіпорында болды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС, «Болашақ 2019» ЖШС-де болып, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты.

Жұмыс сапары «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-не барудан басталды, онда ҚР Үкіметінің тапсырысы бойынша отандық ӨЖЖ аппараттары дайындалады, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Жұмыс сапары «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-не барудан басталды, онда ҚР Үкіметінің тапсырысы бойынша отандық ӨЖЖ аппараттары дайындалады, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС базасында дене қызуын қашықтықтан өлшеу үшін қазақстандық тепловизор өндіру мүмкіндігі қарастырылуда. Ералы Тоғжанов «Болашақ 2019» ЖШС-де болды, онда өндірістік қуаттылығы айына 2 млн бетперде болатын медициналық бетперде өндірісі жолға қойылды.

Өндірістік кәсіпорындарды аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов оң баға беріп, Үкімет отандық өндірушілерді жан-жақты қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысының барысымен және онкология бойынша жобалық кеңсенің жұмысымен танысты. Аталған орталық болашақта азаматтарға қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау және емдеу бойынша жоғары білікті және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Вице-премьер Орталық барлық өңірлік онкологиялық орталықтар мен радиациялық онкологияның алты жоғары технологиялық орталығын қоса алғанда, денсаулық сақтаудың бастапқы буынынан басталатын онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін жасауда ұлттық деңгейде үйлестіруші болатынын атап өтті. Сондай-ақ, кадрлар, дәрігерлер және техникалық қызметкерлер (медициналық техника) даярлау міндеті қойылды.

Добавить комментарий