Премьер-Министр кеңсесі әуе көлігі қызметтерін сатып алу туралы жариялады

Премьер-Министр кеңсесі әуе көлігі қызметтерін сатып алуға конкурс жариялады. Лот мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырылған.

Сатып алуға бөлінген сома 516 млн теңгені құрайды. Қызмет көрсету мерзімі — 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін. Кестесіз (ішкі және халықаралық) жолаушыларды тасымалдау бойынша әуе көлігі қызметтерінің техникалық сипаттамасында, әлеуетті жеткізушінің авиациялық қызметтер саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс; ҚР-да аса маңызды ұшуларды және мемлекеттік органдар үшін өзге де әуерейстерді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәжірибесі кемінде екі жыл; Нұр-Сұлтанда ангар кешені болуы керек; ұшуды жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаты және жұмыс тәжірибесі бар өзінің білікті ұшу персоналы (ұшқыштар — 2 адам). Сондай-ақ жеткізушіде VIP-тұлғалар үшін жолаушылар орындары шектеулі VIP-салонмен жабдықталған бір әуе кемесі болуы тиіс. Қажет болған жағдайда (төтенше жағдайлар) талап етілетін бағыт бойынша әуе кемесінің шұғыл ұшып шығуын (күн)сайын қамтамасыз ету. Өтінімдерді қабылдаудың алдын ала мерзімі 2020 жылдың 27 қазанында басталады.

Добавить комментарий