Прагада қайғылы оқиға болды: Карл университетінде болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 15-ке жетті. Оқиға салдарынан кемінде 24 адам жарақат алды. Полиция басшысы Мартин Вондрашек жәбірленушілер атыс шығарған 24 жастағы университет студенті де барын хабарлады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, жас жігіт шетелдегі қылмыскерлерге еліктеген. Бұл жайт Чехия тарихында қалатыны сөзсіз.
Чехия ІІМ басшысы Вит Ракушан аталған қылмыс халықаралық лаңкестікке қатысы жоқ деп мәлімдеді. Тергеу амалдары жалғасуда.
Бұған дейін Прага құтқару қызметі атыс салдарынан 11 адам қаза болғанын, кейін қылмыскер өзіне қол жұмсағанын растаған болатын. Бұл жағдай Прагада ғана емес, бүкіл Чехияда дүр сілкіндірді.