Португалиядағы тұрғын үй дағдарысы: Пәтерді жалға алу ақысы өсуіне байланысты адамдар шатыр құрып тұруға мәжбүр

Португалияда пәтер жалдау ақысы 30%-ға өсті, бұл көптеген ел азаматтарының өміріне елеулі әсер етті. Бүгінде бір бөлмелі пәтердің жалдау ақысы 600 еуро, бұл көптеген адамға баспананы жалдауды қиындатуда. Бұл проблеманың салдарынан кейбір қарапайым жұмысшы отбасылар шатыр құрып, сол жерде тұруға мәжбүр болды.

Сондай-ақ, шатырда тұрып жатқан Даниэланың айтуынша, «тұрғын үй жағдайы күрделі мәселеге айналып отыр және ол балаларымен кездесуі қиындап кеткен». Бұл бір ғана адамның оқиғасы, көптеген адамдар осындай қиындықтарға тап болып отыр.

Португалия билігі бұл мәселені шешуге кірісті, себебі жағдай шиеленісіп барады. Тұрғын үй мәселелерімен және табысы аз азаматтарды қолдаумен айналысатын ұйымдар жағдайды жақсарту және шатыр астында тұрып адамдарға қоныстандыру бойынша көмек көрсетіп жатыр. Осыған қарамастан, жалдау ақысы инфляцияға сәйкес өсуде, бұл болашақта тұрғын үй дағдарысын ушықтыруы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Добавить комментарий