Помпео: Мемлекеттік департамент жаңа президентке өкілеттікті беру үшін қажетті іс-шаралар өткізеді

АҚШ мемлекеттік хатшысы ведомствоның жаңа президентке өкілеттіктерін беруге дайын екенін, сондай-ақ әзірге ықтимал мұрагермен кеңеспегенін атап өтті.

Мемлекеттік департамент президент сайлауында жеңіске жеткенін жариялаған демократ Джозеф Байденнің әкімшілігіне өкілеттіктерін беру үшін заң бойынша барлық қажетті істерді атқарады. Тиісті мәлімдемені АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео сейсенбі күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында жасады.

Жүргізуші американдық дипломатия басшысынан Байден өз әкімшілігіне мемлекеттік хатшы лауазымына кандидат ретінде ұсынған Энтони Блинкенмен кеңестіңіздерма деп сұрады. «Жоқ, — деп жауап берді Помпео. — Бүгін біз АҚШ әкімшілігінің жалпы мәселелер жөніндегі басқармасының шешіміне байланысты бізден не талап етілетінін анықтауды жоспарлап отырмыз. Біз заң бойынша өзімізден талап етілгеннің бәрін жасаймыз, осы жұмысты орындаймыз».

Демократтардың сыртқы саясат мәселелеріне деген көзқарасын түсіндіре отырып, ол «коктейльдік кеште бәрімен кездесу үшін көпжақтылықты» ұстану қағидасын дұрыс деп санамайтынын атап өтті. «Бұл АҚШ мүддесіне сай емес», — деді Помпео. «Біз басқа елдермен жұмыс істейміз, егер ортақ мүдделеріміз болса, біз шындықты бейнелейтін және нәтиже әкелетін коалициялар қалыптастырамыз», — деп толықтырды ол президент Дональд Трамптың қазіргі әкімшілігінің тәсілдері туралы айтып.

Дүйсенбі күні CNN телекомпаниясы АҚШ әкімшілігінің жалпы мәселелері жөніндегі басқармасы Байденді қазіргі американдық көшбасшының әкімшілігінен өзіне президенттік өкілеттікті беру рәсімін бастауға дайын екендігі туралы хабардар етті. Өз кезегінде, Трамп дүйсенбі күні басқарма басшысына, сондай-ақ өз әкімшілігінің мүшелеріне келесі әкімшілікке өтуге байланысты бастапқы рәсімдерді ескерсек, «қажет болған нәрсені жасауды» ұсынды. Осылайша, республикашы, шын мәнінде, билікті Байденге беру процесін бастауға бұйрық берді, алайда сайлаудағы жеңілісін мойындамай, өз жеңісіне сеніп, сот мәселесін жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Добавить комментарий