Польша Украина аумағына НАТО әскерлерінің кіруін жоққа шығармайды

Польша РФ ядролық қаруды қолданса, НАТО әскерін Украина аумағына кіруін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы Польша Сыртқы істер министрі Рау мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол осы уақытқа дейін ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін ешкім қарастырмағанын атап өтті.

«Мұндай жағдайда НАТО елдерінің қарымта жауабы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бастығы Джейк Салливанның ұсынғандай болуы мүмкін. Бұл Украина аумағында ядролық емес жауапқа әкеп соғады», — деді Рау RMF FM радиостанциясына берген сұхбатында.

Ол бұл жағдайда Солтүстік Атлант альянсы күштерінің Украина аумағына кіруін жоққа шығармайтынын атап өтті.

Бір күн бұрын Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Вашингтон Ресейдің беріктігін тексеріп, ірі ядролық державаларды қақтығысқа итермелеп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ билігі Украинаны барлау мәліметтерімен қамтамасыз етіп, қару-жарақ жеткізілімін ашық түрде арттыруда.

Добавить комментарий