Польша шекарасында мигранттарды суатқыштармен кері қайтаруда

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Польша билігі Беларусьпен шекарадағы мигранттарды кері қайтару үшін суатқыш қолданған.

EADaily басылымының хабарлауынша, Польша мен Беларусь шекарасындағы жағдай шиеленісіп кетті. «Брузги» өткізу пунктінде мыңдаған босқын бірнеше рет ЕО аумағына жәберуді сұрағаннан кейін Польша аумағына басакөктеп кірмек болды. Мигранттарға жауап ретінде поляк әскери күштері жарықшақты граната, көзден жас ағызатын газ, тіпті суатқыштарды қолданды.

Бұл ретте Беларусь-Польша шекарасында ауа температурасы нөлден төмен. Басылымның хабарлауынша, поляк әскерилері мен полицейлері Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында нацистердің тұтқындар мен бейбіт тұрғындарға қатысты қолданған тәсілдерін қайталауда.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь-Польша шекарасындағы көші-қон дағдарысы 8 қарашада босқындар Польша аумағына өтпек болғанда шиеленісіп кеткен болатын. 15 қарашада мигранттар поляк шекарасындағы лагерьден шығып, «Брузги» өткізу пунктіне келгеннен кейін ЕО-ға жіберуді сұраған. Оларға бас тартқан кейін, босқындар жаңа лагерь құрып, одан әрі Еуроодақ елдеріне кіру үшін Польша жеріне өтуді қарастырып жатыр.

Добавить комментарий