Польша үкіметінің басшысы Ресеймен жылы қарым-қатынасты қалпына келтірмеу керек екенін айтты.
Матеуша Моравецкийдің айтуынша, «бірлесіп және батылтүрде» Ресейдің Украинадағы әрекетін «дәл қазір және осы жерде» тоқтату керек
Польша билігі Еуропа Ресеймен қалыпты экономикалық қарым-қатынасты қайта орнатпау қажет деп санайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Катовица қаласында өткен Еуропалық экономикалық конгрестің ашылу салтанатында Премьер-Министр Матерг Моравецкий мәлімдеді.
«Бүгін мен Ресеймен жеткізудің, өндірістің, сауданың тізбегі үзілгеніне қатты қауіптенбеймін, алайды РФ-мен бұл тізбекті қалпына келтіргісі келетіндер тым тез пайда болама деп қорқамын», — деді ол.
Моравецкийдің айтуынша, «бірлесіп және батыл түрде» Ресейдің Украинадағы әрекетін «дәл осы жерде және қазір» тоқтату керек, бұл санкциялардың арқасында жасалып жатыр. «Алайда, біз жылы қарым-қатынастың қайта орнағанына жол бермеуіміз керек», — деді ол.