Польша Президенті Зеленскиймен қарым-қатынасы қандай екенін айтты

Польша президенті Анджей Дуда Украина президенті Владимир Зеленскиймен қарым-қатынасы қандай екенін айтты.

Бұл туралы ол ZET радиосына берген сұхбатында айтты.

«Саяси тұрғыдан ол менің досым деп айта аламын. Саясаттағы берік достығымыз өзара құрметке негізделген, ең алдымен, мен оны қатты құрметтеймін. Ол биік белеске көтерілді», — деді Польша Президенті.

«Онымен саяси достық және достық қарым-қатынастамыз. Мен оны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», — деді Дуда.

Еске салайық, Анджей Дуда 23 тамызда Киевке сапары барысында Польша соғыс аяқталғанша Украинаны қолдайтынын мәлімдеген.

Шілде айының соңында Жоғарғы Рада Владимир Зеленскийдің Украинадағы поляк азаматтарының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын қолдады.

Добавить комментарий