Польша премьері Украинаға танк берілгенін растады

Польшаның премьер-министрі Матрос Моравецкий Украинаға танктер берілгенін мәлімдеді, бірақ егжей-тегжейін айтудан бас тартты.

Бұл туралы ол дүйсенбі күні Polsat телеарнасының эфирінде айтты.

Жүргізушінің Польша Украинаға танкілерін жіберді ме деген сұрағына Польша үкіметінің басшысы «Иә» деп жауап берді. Бұл ретте ол егжей-тегжейін айтудан бас тартты.

«Мен бүгін бұл туралы айтпаймын. Біз уақыты келгенде хабарлаймыз. Қауіпсіздік мақсатында, көршілес және достас Украина халқы үшін бұл туралы айтпаймыз», — деді Моравецкий.

Бұған дейін республикада талқыланған кеңестік өндірістің польшалық МиГ-29 жойғыш ұшақтарын Украинаға беру мәселесіне қатысты Моравецкий бұл тақырып жабылғанын айтты. «Мұндай өтініш болған жоқ», — деді ол.

Добавить комментарий