Польша көші-қон дағдарысын талқылауға ашық екенін мәлімдеді

Польша СІМ ел билігі Беларусь-Польша шекарасындағы көші-қон дағдарысын Ресей Федерациясымен талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл ретте, Беларусьпен Польша билігі техникалық деңгейде ғана сөйлесуге дайын.

Бұл туралы сейсенбі күні Польша сыртқы істер министрі Збигнев Рау Польша радиосының эфирінде  мәлімдеді.

«Польша РФ-мен келіссөздерге ашық, алайда Беларусь пен Польша-Беларусь қарым-қатынасына, Беларусь болашағына қатысты келіссөздер Беларусь оппозициясымен жүргізілуі тиіс деп есептейміз», — деді министр.

«Техникалық мәселелер бойынша Беларусь билігімен келіссөздерге ашықпыз, бірақ тек техникалық деңгейде ғана, — деді ол. — Ал Белорусьтің саяси болашағы мәселелерін қоя тұру керек, және бұл Беларусь халқы сенім артыпотырған Польша саясатының маңызды мақсаты».

Бұл ретте Рау Ресейді қазіргі шекарадағы дағдарыстың «режиссері», ал Белорусьті орындаушы деп атады.

РФ президенті Владимир Путин бұған дейін Беларусь пен ЕО шекарасындағы мигранттарға қатысты жағдайға Ресейдің қатысы барын жоққа шығарды. Оның айтуынша, Ресейдің бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ, ал Батыс елдері болып жатқан оқиғаларға өздерінен басқаларын кінәлі етіп көрсетсе болады.

Добавить комментарий