Польша ИМ-мен байланысы бар деген күдікті бес тәжікстандықты депортациялады

Польша «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысы бар және Польша аумағында лаңкестік шабуылдар өткізу үшін жұмысқа алынған Тәжікстанның бес азаматын депортациялағаны белгілі болды, деп хабарлады Radio Poland. Осы жылдың мамыр айында 4 күдікті ұсталды. Бесінші күдікті 2019 жылдың желтоқсанында Польшадан кетпек болған кезде ұсталған.

Польшаның Ішкі қауіпсіздік агенттігінің мәліметінше, ол «джихадқа» қатысу және «Әл-Қаидаға» байланысты террористік ұйым мүшесімен байланыс орнату үшін Сирияға баруды жоспарлаған.                                                    Депортацияланғаннан кейін бесеуіне де Польша мен басқа да Шенген елдерінің аумағына кіруге тыйым салынған.

Сәуір айында Германия билігі Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде лаңкестік шабуыл жасады деген күдікпен Тәжікстанның төрт азаматының ұсталғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер 2019 жылдың қаңтар айында ИМ-ге қосылып, Германияда террористік топ құру үшін нұсқау алған.

 

Добавить комментарий