Полиция қызметкері заңсыз 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-47822-1675771424-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Түркістан облысындағы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымындағы полиция қызметкері заңсыз 1 млн теңге алды мөлшерінде ақша деген күдікке ілінген.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Күдіктінің шені полиция полковнигі екені хабарланды.

«Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн.теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде», — делінген хабарламада.

Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Добавить комментарий