Полиция ШҚО-дағы өрттің шығу себебін тексеріп жатыр

Кеше Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп, салдарынан әйел адам қаза тапты. Екі ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Аталған факті бойынша Риддер қаласының полиция бөлімі ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігі (Отпен жұмыс істеуде абайсызда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Кеше, 10 мамырда Шығыс Қазақстан орман қызыл жалынға оранды. Риддер қаласының маңында Лесхоз ауылында бірнеше үй жанып кетті. Зардап шеккендер мен құрбандар бар. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 35 үйдің өртеніп кеткені белгілі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-да өрттен зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды

ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Добавить комментарий