
Атыраудың екі тұрғынына Жайық өзенінде шомылғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Хабарланғандай, 26 наурыз күні Атырау ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Жайықта шомылып жүрген екі ер адамды байқап, ол жерге патруль жібереді.
Айта кетейік, суға түскен Атырау қаласының 33 және 42 жастағы тұрғындары. Полицейлер келгенше олар киініп үлгерді. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК 364-бабы («Тыйым салынған жерлерде шомылу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды.