Полицейлер террористік идеологияны насихаттаумен айналысқан ер адамды ұстады

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полицейлер діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыздар насихаттаған ер адамды анықтады.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚАЖД-нің қызметкерлерімен бірлесіп діни алауыздықты қоздыруға бағытталған деструктивті діни ағымдардың идеологиясын тарату фактісін анықтады. Қызылорда облысының ҚАЖД мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан Түркістан облысының 43 жастағы тұрғыны уағыздарды таратумен айналысып жүргенін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 1-бабының 174-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-дінтану сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес терроризмді насихаттау белгілері анықталды. Осыған байланысты күдіктіге қатысты 2020 жылғы 16 қарашада ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий