Полицейлер ҰҚТ ұйымдастырған ірі есірткі арнасын жойды

Полицейлер ірі есірткі арнасын жойып, заңсыз әрекет еткен жеті адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

ШҚО ДП Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп,еліміздің шығысында және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жоя отырып, кең ауқымды арнайы операция өткізді.

Оны жүргізу нәтижесінде бір айдан аз уақыт ішінде есірткі құрылымының барлық қатысушылары ұсталды.

Олардың барлығы басқа қалалардан келген, қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған.

Алматы облысында болып, қылмыстық топтың барлық іс-әрекеттерін басқарып отырған есірткі желісінің жетекшісі де анықталды. Есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болған, енді біреулері оны дозасы бойынша өлшеп, кейіннен қала бойынша арнайы орындарға қойып кетіп отырған.

Тінту барысында шамамен 10 келі сатуға дайын синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 100 мың реттік дозаға тең.

«Есірткі тасмалдаушыларға тауар көліктік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер ретінде жөнелтілген. Есірткі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен, лак-бояу материалдарымен мұқият бояған», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Есірткіні алғаннан кейін, есірткі қоятын адамды ешкім байқамас үшін тауарды арнайы орындарға қою түнгі уақытта ғана жүзеге асырылған.

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында ауқымды ұстау басталды.

Бір апта ішінде қала аумағында әрекет еткен барлық есірткі тасымалдаушылар қамауға алынды.

Өз үйлерін жалға берген пәтер иелері жалдаушылардың пәтерді есірткіні өлшеп-дайындау цехына айналдырғандарын көріп, жағаларын ұстаған.

Әрі қарай, кезек есірткі желісі жетекшілерінеде келіп жетті.

Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындап, өлшеп-орайтын есірткі зертханасын ұйымдастыруға тұтастай бір отбасының қатыстылығы анықталды.

Олардың психотроптық заттарды жартылай дайын күйде қойып кету жолымен алып, оны тұтынуға дайын күйге дейін жеткізіп отырғаны анықталды.

Тергеу барысында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды.

Ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы жеті адам қамауға алынды.

Тәркіленген заттардың “қара базардағы” құны шамамен 167 млн. теңгеге бағаланады. Күдіктілердің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сараланды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін.

Добавить комментарий