Полицейлер есірткімен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады

Полиция қызметкерлері еліміздің төрт өңірінде есірткі индикатының мүшелерін ұстау бойынша ауқымды операция жүргізді.

Қылмыстық ұйым мефедронды дайындаумен және оны бүкіл ел бойынша таратумен айналысқан.

Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарында «синтетика» жасайтын зертханалар тәулік бойы  жұмыс істеген.

Арнайы операция барысында 100 мың дайын доза тәркіленді. ҰҚТ қосымша компоненттерден тағы бір жарым миллион «дозаны» дайындауы мүмкін еді.

Қылмыскерлер компоненттерден 24 миллиард теңге пайда түсіруді көздеген, дейді полициядағылар

«Полиция қызметкерлері аталған топтың белсенді қатысушыларын ұстады. Ұсталған азаматтар Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында есірткі сатумен айналысқан. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыз күні синтетикалық есірткі заттарын дайындайтын төрт есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізілді: оның екеуі Қарағанды облысында болса, қалған екеуі Ақмола облысы мен Павлодар қаласында.

Добавить комментарий