Полицейлер балконнан салбырағанан сәбиді құтқарып қалды

Атыраудағы полицейлер балконнан салбырап тұрған баланы құтқарып қалды.

«4 маусым күні 17:00 шамасында Патрульдік полиция экипажына Береке ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 9 қабатында жас шамасы 2 жастағы бүлдіршін балконнан құлағалы тұр деген хабарлама берілді. Хабарлама бойынша барған Патрульдік полиция қызмет инспекторлары Еламан Төлешов және Нұрбол Багитов баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, шұғыл құтқару әрекетін жасаған. Өрт жағдайында эвакуациялауғар арналған баспалдақтар арқылы 9 қабатқа өтіп, баланы аман алып қалды», — делінген хабарламада.

Тұрғындардың айтуынша олар баланы 9 қабаттан жерге лақтырылған түрлі заттарды көріп байқаған.

Бала үй ішіндегі әлі келетін түрлі тұрмыстық заттарды балконнан лақтырған.

Добавить комментарий