Полицейлер Астанада қоғамдық көлікті тексерді: жүргізушілер ,елгіленген құжаттарсыз жүрген

Елордалық жүргізушінің бірі 2020 жылы 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған.

Екі күн ішінде полиция қызметкерлері Астанадағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің 421 жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады

16 қаңтардан бастап елордада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер мына ЖҚЕ бұзғанын анықтады:

30-дан астам такси жүргізушілері рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтпеген. Олар өздерінің нөмірлік белгілерінен айырылды.

Белгіленген құжаттарсыз көлік басқарғаны үшін 13 такси автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды;

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша 90 дерек анықталды.

Мәселен, елордалық таксомоторлық парктердің бірінде 2020 жылы Жітіқара қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің автокөлікті басқару фактісі анықталды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Таксистке 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, оның көлігі мамандандырылған тұраққа қойылды

Бұдан бөлек, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік басқаруға жібергені үшін көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖААІШ барысында полицейлер маршруттық автобустардың желіге шығарылуын тексеріп жатыр. Нәтижесінде алты автобус паркінің лауазымды тұлғалары маршрутқа шығарылған автобустардың ақаулы техникалық жағдайы үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ мектеп автобустарының техникалық жағдайы мен өрт сөндіру құралдары тексеріліп, жүргізушілер құрамымен әңгімелер жүргізіледі.

Добавить комментарий