Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде полицейді ұрып-соққандардың бірі анықталды. Тәртіп сақшысын әкімдікке жасалған шабуыл кезде аяусыз ұрып-соққан.
«5 қаңтарда Атырауда іноблыс әкімдігі ғимаратына шабуыл кезінде қоғамдық тәртіпті күзетіп қарусыз полиция қызметкерін аяусыз соққыға жыққан жергілікті тұрғын ұсталды», — деп хабарлады ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
«Видеодан ашулы топ полиция қызметкерін қоршауға алып, ұрып-соғып, салдарынан жерге құлап, ұсталған ер адам оның басына ұрған», — деді ол.
Тергеу департаментінің бастығы күдіктіні сот санкциясымен қамауға алынғанын айтты.