Подмосковьедегі теракт Путиннің РФ «қорғаушысы» деген пропагандисттік бет-бейнесін әшкереледі

Подмосковьеде «Ислам мемлекеті» содырлары жасаған теракт Путин режимі өз елін қорғауға келгенде басымдықтарды қате белгілейтінін көрсетті.

Бұл туралы Швейцарияның жетекші Neue Zürcher Zeitung (NZZ) газетінің сайтында жарияланған «Мәскеудегі террор Путиннің пропагандисттік бет-бейнесін әшкереледі» атты мақалада айтылған.

«Кремль терроризмнен қорғануға қабілетсіз екенін жасырып қалып, Украинадағы жағдайға баса мән беруде», — деп жазды NZZ шетелдік редакциясы басшысының орынбасары Андреас Рюеш.

Оның пікірінше, «Ислам мемлекеті» содырларының Мәскеудегі қанды лаңкестік шабуылы аталған ұйымнан әлі де қауіптену керек екенін және Батыс Еуропада да христиандарды өлтіру бойынша лаңкестік әрекет жасалуы мүмкін екенін көрсетеді.

Автордың сөзінше, Батыс елдері биліктің жаппай қадағалауын негізсіз деп есептейтін либералды қоғам терроризм қаупі барын «белгілі бір дәрежеде мойындап отырғанын» атап өтті. Алайда Ресей секілді полицейлік мемлекеттерде «мәселе басқада».

«Путин режимі халықты барлық «сыртқы және ішкі» дұшпандардан қорғап жатырмын деп, елдегі билігін сақтап қалуға тырысуда. Осы мақсатта абсолютті билікке ұмтылып жатыр. Диктаторлық режимі бар мемлекетінің қауіпсіздік аппараты өзінің тиімділігін дәлелдегенде ғана сенім ұялатады. Алайда, біз сәтсіздіктерді ғана көріп отырмыз», — делінген мақалада.

Аталып өткендей, Ресей билігі жұма күні шабуыл жасаған лаңкестік ұяшық туралы ешнәрсе білмегені былай тұрсын, америкалықтардың ықтимал шабуыл туралы ескертуін елемеді.

Швейцариялық журналист Путин мен оның төңірегіндегілер шабуылдан кейін қалай әрекет ету керек екенін білмегенін және ресейлік диктатор шабуылдан 19 сағат өткен соң ғана мәлімдеме жасағанын атап өтті. Бұл ретте ол террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алған «Хорасан Ислам мемлекеті» туралы ешнәрсе айтпады, керісінше Украина лаңкестерге жәрдемтесті және шабуылға украиналық күш құрылымдарының тікелей қатысы бар деп айыптады.

«Бұл пропагардисттік әрекет тым айқын. Путин лаңкестікпен күрестегі сәтсіздіктерін көрсетпей, халықты Украинаға қарсы тұру үшін аталған қайғылы жағдайды өз пайдасына қолданғысы келетіні анық. Бұл қанды қылмыс үшін Украинаның қатысы барына туралы ешқандай дәлел жоқ», — деп атап өтті Рюеш.

Ол фактілерге қатысты байыпты көзқараспен қарайтын болсақ, «шабуылдың Украинамен немесе Батыспен ешқандай қатысы жоқ» екенін және лаңкестер Орталық Азия республикасындағы Тәжікстандағы исламшылар екені анық екені білінеді.

«Ресей режимі лаңкестік қауіпті жете бағаламай, шетелдік күдіктілердің бірін елге Түркиядан кіруіне мүмкіндік берді және шабуыл кезінде біліксіз әрекет етті. Осылайша, Путиннің Ресей қорғаушысы деген пропагандисттік бет-бейнесі әшкереленді», — делінген мақалада.

Оның үстіне, автор «жұма күні кешкісін болған теракт Ресей үшін нақты қауіп қайдан төніп тұрғанын көрсетті».

«ИД-Х соғыс жариялауы маңызды сын-қатер болып саналады, себебі Ресейде миллиондаған мұсылмандар мен Орталық Азия елдерінен келген еңбек мигранттары өмір сүреді, оларды террористер өз қатарына қосу үшін тартуы мүмкін. Екінші жағынан, Путин режимі Украинадан қауіп төніп тұр деп ойдан шығарып алды», — деп жазды Рюеш.

Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғыс бастауына «қауіпсіздік саясаты тұрғысынан ешқандай себеп болған емес» — «бұл науқан Кремльдің билікке құмарлығына байланысты басталды» деп отыр.

«Осылайша, Путин басымдықтарды қате белгіледі десе болады. Бұл Ресейге ел мен халықтың қауіпсіздігіне шынымен алаңдайтын басшылықтың қаншалықты керек екенін көрсетеді», — деп қорытындылады автор.

Добавить комментарий