Подмосковьеде полимер шығаратын цех өртеніп кетті

Подмосковьедегі Обухово ауылында полимер шығаратын өндірісте алапат өрт шықты, деп хабарлады РФ ТЖМ. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтау үшін бірден іске кірісті.

Алдын ала мәлімет бойынша, полимер бұйымдарын шығарумен айналысатын цехтың шатырын толық отқа оранды. Қызыл жалын 8000 шаршы метр алаңды шарпыды. Ресей ТЖМ оқиға орнынан құтқарушылардың өртті сөндіру бойынша күш-жігерін көрсететін видео жариялады.

Ресей ТЖМ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірнеше сақаттан кейін өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Өрттің шығу себептері мен ықтимал зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірге хабарланбады.

Осы оқиғадан кейін Мәскеуде өрт шыққаны белгілі болды, оның егжей-тегжейі де қосымша хабарланатын болады.

Добавить комментарий