Пластикалық хирургке қатысты сот процесі басталды

Алматыда науқастың өліміне себепші болған пластикалық хирург Дмитрий Писаревке қатысты сот талқылауы басталды.

Бірінші тыңдау бүгін 2021 жылдың 16 маусымында өтеді. Писаревті медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамай, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер үшін (ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігінде) кінәлі деп отыр. Процесс №2 Бостандық аудандық сотында онлайн режимде өтуде. Іс бойынша судья Роман Селицкий.

Жәбірленуші Лаура Ізбасарова кеудесін көтеруге ота жасатқысы келген, алайда процедура кезінде қайтыс болды.

Келіншек қаза тапқаннан кейін хирург қамауға алынды. Бұдан бөлек, екі жыл бұрын осыған ұқсас оқиға болғаны анықталды — Украина азаматы Дана Агамурадова осы хирургқа келіп, операция үстелінде қайтыс болды.

Аталған факті бойынша хирург сотталған. Сот оның кінәсін мойындады. Писарев істің ескіру мерзіміне байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан дәрігерге операция жасауға тыйым салып, лицензиясынан айырған.

Қазақстандық БАҚ өкілдері екі науқас қайтыс болған соң хирург Шымкентте жұмыс істей бастағанын хабарлады.

Добавить комментарий