ПИК төрағасы қаражатты талан-таражға салғаны үшін тұтқындалды

ПИК төрағасы 70 млн теңгеден астам қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қамауға алынды.

«Премьера» ТКШ ПИК төрағасына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматыдағы «Премьера» тұрғын үй кешенінің ПИК төрағасы тұтқындалды, деп хабарлайды Наурызбай аудандық прокуратурасы.

Экономикалық тергеу департаменті оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Тұрғын үй кешеніне екі ПИК қызмет көрсетеді. Азаматтардың өтініштері мен басқа да материалдарға жүргізілген талдау нәтижелерімен сотқа дейінгі тергеп – тексеруді бастау үшін жеткілікті негіздер бар екендігі анықталды.

«Сараптама нәтижелері бойынша 70 млн теңгеден астам жетіспеушілік анықталды, өз кезегінде тұрғындар нысанды күтіп ұстау бойынша қызметтер үшін төлеген, бірақ қаланың коммуналдық қызметтеріне түспеген. Осыны ескере отырып, аудан прокуратурасымен ПИК-тің бұрынғы төрағасын күдікті деп тану туралы шешім келсілді, ҚР ҚК-нің 189 – бабы 4 – бөлігі 2 – тармағы (яғни аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша оның әрекеттерінің біліктілігі анықталды», — деп хабарлады прокуратура.

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, бұрынғы ПИК төрағасы қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу амалдары жалғасуда.

Добавить комментарий