Pfizer вакцинасын ақылы салдырса болады

Америкалық Pfizer вакцинасын ақылы салдырса болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарын Pfizer препаратымен ақылы вакцинациялауды ұсынды.

Ведомство басшысы Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгенін еске салды. Екінші партиясын 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, аталған препаратпен вакцинациялау жеті өңірде басталды: Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында.

«Бүгінге дейін 1313 бала, 247 жүкті және емізулі баласы бар әйел вакцина салдырды. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК тапсырмасына сәйкес, халықты ерікті түрде ақылы вакцинациялау үшін КВИ-ге қарсы Pfizer вакцинасын коммерциялық нарыққа өткізу мүмкіндігі туралы үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Қолдау сұраймын», — деді Цой.

Оның ұсынысын Қазақстанның Министрлер кабинетінде қолдады.

«Қалаған адам вакцинаны ақылы салдыра алатындай етіп, екпені нарықтың коммерциялық сегментіне жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды сақтау пункттерінде және тасымалдау кезінде оларды сақтау режиміне ерекше назар аударылсын. Осыған байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын және вакцинациялау мен ревакцинациялау ережелерін сақтауды қамтамасыз етуді сұраймын», — деп тапсырды премьер-министр Асқар Мамин.

Добавить комментарий