Pfizer вакцинасы туралы ақпаратты КХДР хакерлері ұрламақ болды

Солтүстіккореялық хакерлер америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясының серверін бұзып, коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу туралы ақпаратты ұрламақ болған.

Мұндай мәлімдемені Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің өкілдері Корей парламенті өкілдерімен кездесуде жасады, деп жазады The Korea Times.

“Барлау қызметі бізге Солтүстік Корея Pfizer-ге қарсы кибершабуыл арқылы коронавирусқа қарсы вакцина және оны емдеуге қатысты технологияны алуға тырысқанын хабарлады”, — деді басқарушы Халық партиясының өкілі барлаушылармен сөйлескеннен кейін журналистерге.

Сондай-ақ, ол КХДР вакцина әзірлеп жатқан кореялық компаниялардың серверлерін бұзуға тырысқанын айтты.

Солтүстік Корея коронавирустық аурудың бірде-бір жағдайы туралы әлі ресми түрде хабарлаған жоқ, бірақ Пхеньянның ресми мәліметтеріне сенуге болмайды.

Өткен аптада БАҚ-қа БҰҰ сарапшылар комиссиясының құпия баяндамасынан, солтүстіккореялық хакерлер 2020 жылы ядролық бағдарламаға жүздеген миллион доллар ұрлағаны туралы ақпарат түскен болатын. Сондықтан, КХДР вакцинаны өндірудің орнына, ол туралы мәліметтерді сатпақшы болды деп болжауға болады, деп жазады басылым.

Добавить комментарий