Петропавлдағы жол апатынан кейін мас жүргізуші бағдаршамды қағып, қашып кетті

Кеше Петропавлда мас жүргізушінің кінәсінен жол апаты орын алып, нәтижесінде екі көлік пен бағдаршам зардап шекті.

1 қазанда 22 сағат 20 минут шамасында Мүсірепов — Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында Аudi С4 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бүйірлік интервалды сақтамай, қарсы бетте келе жатқан «Daewoo» көлігімен соқтығысқан.

«Соқтығысу салдарынан Audi С4 жүргізушісі қозғалысты жалғастырып, тізгінге ие бола алмай бағдаршамға соғылып, оқиға орнынан қашып кетті», — деп хабарлады СҚО ЖП баспасөз қызметі.

Автомашиналардың соқтығысуынан Audi С4 автокөлігінің қозғалтқышынан өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметі өртті сөндірді. Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Полицейлер оқиғаға кінәлі азаматты ЖКО орнына жақын маңдағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Алынған сараптамаға сәйкес, Audi С4 жүргізушісі орта дәрежелі мас күйінде болған.

Audi С4 жүргізушісі алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізіліп, амбулаториялық емдеу тағайындалды. Екінші жүргізуші жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жоқ.

ЖКО жасау фактісі бойынша кінәлі адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қаласы ПБ Әкімшілік полиция бөліміне берілді, — деді Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов.

Добавить комментарий