Петропавлдағы төтенше жағдай: мектептерде тексеріс жүргізіледі

Петропавлдағы №4 орта мектепте оқушыларының бірі оқушыларға шабуыл жасағаннан кейін Қазақстанда барлық мектепте қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, № 4 орта мектепте бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді.

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі Петропавл қаласында тоғызыншы сынып оқушысы үш жасөспірімге шабуыл жасағаннан кейін республиканың барлық мектептерінде қауіпсіздікке тексеріс жүргізеді. Бұл туралы дүйсенбі күні министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Оның құрамында балалардың құқықтарын қорғау Комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар», — делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 13 ақпанда Петропавл қаласының № 4 орта мектебінде тоғызыншы сынып оқушысы үш оқушыға дене жарақатын салғанын хабарлады. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Кәмелетке толмаған баланы полиция қызметкерлері ұстады, аталған факті бойынша «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокуратураның мәліметінше, ұсталған бала психиатриялық есепте бар. Оқиға куәгерлерінің мәліметі бойынша, шабуылдаушының қолында балта мен пышақ болған.

Добавить комментарий