Петропавлда әуежай банкрот болуға дайындалуда: оны мемлекет меншігіне бере ме?

Петропавл әуежайы банкроттыққа дайындалып жатқаны белгілі болды. Бұл рәсім аяқталғаннан кейін әуе айлағы мемлекеттік меншікке беріледі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов сәрсенбі күні азаматтарды онлайн-қабылдау кезінде хабарлады.

Аймақ басшысына әуежай қызметкерлері жүгінді. Олар пандемия басталғалы бері кәсіпорынның қаржылық жағдайы айтарлықтай ауытқығанын, бүгінде мұнда жалақы бойынша берешек 24 млн теңгені құрайтынын айтты.

«Рәсім іске қосылды, екі айдан кейін біз банкроттық рәсімінен өтуіміз керек. Содан кейін әуежайды облыс әкімдігінің бөлімшесі — «Солтүстік» ӘКК-нің балансына аламыз. Алдағы жылға жергілікті бюджет есебінен әуежайдың барлық шығындарын жүргізу үшін бюджет қаражатын сақтап қалды», — деді Құмар Ақсақалов.

Ал жалақы қарыздарына келер болсақ, әкім бұл мәселені 10 қарашаға дейін кезең-кезеңмен шешуге уәде берді.

Петропавл әуежайы 1974 жылы салынды және кеңестік кезеңде өте қажетті транзиттік айлақ болды, ол жерден ұшақтар Одақтың көптеген қалаларына ұшты. Алайда 2000-шы жылдардың басынан бастап порт бірнеше рет бір меншік иесінен екіншісіне өтті, бұл оның материалдық-техникалық жағдайына жақсы әсер ете алмады. Бүгінде кәсіпорынды «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ иелігіндегі Airport Management Group басқарады.

Петропавлдан ұшатын рейстер тек Алматы мен Нұр-Сұлтанға ұшады, ұшу-қону жолағын қайта жаңартылғаннан кейін әуежай әуе кемелерінің заманауи түрлерін шектеусіз қабылдай алады. Жергілікті билік бірнеше рет РФ, Қытай, тіпті Еуропа қалаларымен әуе қатынасын жолға қоюға уәде берді, бірақ ол болған жоқ.

Шымкентте әуежай сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттыққа шығарылды. Бұған дейін тендерді 8 қазанда өткізу жоспарланған болатын, алайда ол күні өткізілмеген, себебі қатысуға тек бір өтінім берілген болатын. Өтінімдерді қабылдау үш апта бойы созылды, бұл инвесторлар арасында біртүрлі реакция мен күдік тудырды. Жаңа сауда-саттық 3 қарашаға белгіленді. Әуежайдың бастапқы бағасы сол күйінде қалды — 5,234 млрд теңге.

Добавить комментарий