Петропавлда өрт шықты: 250 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды

Петропавлда сауда үйінде өрт шығып, келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Ғимараттан барлығы 250 адам эвакуацияланды.

«18 қаңтар күні сағат 10:44-те «101» нөміріне Мұқанов, 53 мекенжайында орналасқан сауда үйінің бірінші қабатында өрт шыққаны туралы хабар түсті», — делінген хабарламада.

Басылымның мәліметі бойынша, киім-кешек сататын бутик өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сауда орталығының электрмен жабдықталуын тексеру мақсатында қызметкерлер мен келушілерді уақытша эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Сауда орталығынан 250 адам эвакуацияланды.

Өрт сағат 12:04-те ауыздықталды. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыды.

Добавить комментарий