Петропавлда РФ азаматтарын госпитальге орналастыруда — бұл фэйк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанға келген ресейліктер Петропавлда госпитальға орналастыруда деген ақпарат тарады.

Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жоққа шығарды.

«Бұл фэйк», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл мәселе СҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», — делінген министрліктің хабарламасында.

Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақырамыз.

Добавить комментарий