Петропавлда полицейлер “ізін суытпай” қарақшыларды қолға түсірді

Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, Петропавл полиция қызметкерлеріне қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін небәрі 10 минут уақыт керек болды.

15 сәуірге қараған түні қарақшылардың құрбаны болған қала тұрғыны құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жәбірленуші бауырымен үйіне қайтып келе жатқан. Қазақстан Конституциясы көшесінің маңында белгісіз екі адам күш қолданып, «Samsung S8» маркалы телефонын тартып алған. Келтірілген залал сомасы 60 мың теңгені құрады. Шабуылшылардың белгілері дереу барлық полиция бөлімдеріне жіберілді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 10 минут ішінде Гоголь көшесінің бойында екі ер адамды ұстады. Олар бұған дейін сотталған 29 және 24 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған затты заңды иесіне қайтарылды. Бұл факті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий