Петропавлда мектептегі оқушыларға жасалған шабуыл әлеуметтік желілердегі ойынмен байланысты болуы мүмкін. Бұл ақпаратты уәкілетті органдар тексерді. Қала әкімдігі шабуыл мен ойын арасында байланыс жоқ деп мәлімдеді.
№ 4 мектептегі төтенше жағдайдан кейін қаладағы ата-аналар чатында оқушы бірнеше адамға жарақат салуды көздейтін «Лесоруб» ойынын ойнағаны туралы хабарламалар тарай бастады.
Сондай-ақ ойын басталғаны туралы скрині де таратылып жатыр.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ата-аналар чатында телефон экранынан жасалған сурет тексерілді. Оның Петропавл мектебінде болған оқиғаға қатысы жоқ.
Бүгін таңертең Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы сабаққа балта алып келіп, үш баланы жарақаттады.