Петропавлда экстремистік бағыттағы аудиожазбаларды әлеуметтік желілерде жариялаған 48 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұл материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге ресми түрде тыйым салынғаны нақтыланады.
Әйелге экстремистік сипаттағы материалдарды таратқаны үшін айыппұл төлеуге тура келеді.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «ВКонтакте»-де СҚО ДП экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни мазмұндағы аудиофайлдарды анықтады. Жазбада насихатталатын кітаптар, дінтану сараптамасы анықтағандай, тыйым салынған болып табылады.
Аудиожазбаларда сөз болған туындылар соттың шешімі бойынша экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынды.
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыс орталығының 48 жастағы тұрғынын ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 2-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты, — деп хабарлады СҚО ПД.