Петропавл: Автобус екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Петропавлда автобус Пушкин мен Букетов көшелерінің қиылысында екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

18 жасар зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, орын алған жағдайды толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған басқа да тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий