Петербургте Ресей мен Беларусь президенттерінің кездесуі өтуде

Петербургте Ресей мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенконың кездесуі басталды.

Белта агенттігінің хабарлауынша, кездесу Стрельнадағы Константинов сарайында өтіп жатыр. Оның күн тәртібі Ресей-Беларусь ынтымақтастығының өзекті мәселелері болады. Оның ішінде қорғаныс және экономикалық өзара іс-қимыл.

Кездесу басталмас бұрын Путин Лукашенконы көлікпен ала кетті. Кездесуден кейін қос елдің көшбасшылары хоккей ойнауды жоспарлап отыр.

Лукашенко 28 желтоқсан, сейсенбі күні Петербургке ұшып келді. Ол ТМД көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Добавить комментарий