Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы қалыптасқан жағдай туралы пікір білдіріп, Батыстың араласуы арнайы әскери операцияны нағыз соғысқа айналдырғанын атап өтті.
«Біз соғыс жағдайында тұрмыз. Иә, бұл арнайы әскери операциясы ретінде басталды, бірақ ұжымдық Батыс Украина жағына болысқаннан кейін, бұл нағыз соғысқа айналды. Мен бұған сенімдімін. Әркім мұны өзінің ішкі мобилизациясы үшін түсінуі керек», — деп баса айтты Песков ресейлік басылымға берген сұхбатында.