Песков Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдіре отырып, «қасақаны жасалған қаскүнемдік» деп мәлімдеді

«Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин мінген ұшақтың апатқа ұшырау ісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеушілер қарастырып отырған нұсқалардың бірі — қасақана жасалған қаскүнемдік.

Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл нұсқа неліктен тергеуге халықаралық қатысу жоқ екенін түсіндіреді.

Дмитрий Песков аталған ұшақ апаты төңірегіндегі қазіргі жағдай бірегей екенін атап өтті. Оқиға туралы қорытынды әлі жасалмады және Кремльдің ресми мәлімдемесін күту керек.

Баспасөз хатшысы тергеу амалдары аяқталғанға дейін күтуге шақырды.

«Қазіргі таңда түрлі гипотезалар қарастырылып жатқаны анық, оның ішінде қасақана жасалған қаскүнемдік актісі бар», — деп атап өтті Дмитрий Песков.

Еске сала кетейік! 23 тамызда «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин мінген ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Тверь облысында құлады, бортта кәсіпкерден бөлек, тағы он адам болған. Барлық жолаушылар қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин оның жақындарына қайғыра көңіл айтып, осы қайғылы оқиға алдында Евгений Пригожин Африкадан оралғанын атап өтті.

Добавить комментарий