РФ Президентінің баспасөз хатшысы Песков Қазақстанда көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты түсініктеме берді.
Қазақстанда жүрген ресейлік азаматтардың құқықтары елдегі көші-қон нормалары өзгерген соң сақталуы тиіс, деді Дмитрий Песков 27 қаңтарда.
«Қазір онда транзитпен немесе тұрақтап қалған адамдар көп. Елдер олардың санағын жүргізіп, онда қанша азаматтың барын білгісі келетіні түсінікті. Ол үшін тұруға ықтиярхатты ресімдеу керек. Біздің билік байланыста, ел азаматтарының құқықтары сақталуы маңызды. Біз бұл туралы айтамыз», — деді ол брифингте.