Пентагонның құпия құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Даглас Тейшейра Украинадағы қақтығыста «басты назарға» ілікті, деп хабарлайды The Washington Post газеті.
Басылымның мәліметі бойынша, Тейшейра құпия құжаттарды 2022 жылдың ақпан айында Discord серверінде жариялай бастаған.
Алайда, ол жариялаған материалдардың кейбірінде Батыстың Украина Қарулы Күштерін қарымта шабуылға дайындау жөніндегі жоспарлары, сондай-ақ қару-жарақ жеткізу және Киевтің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жай-күйі туралы ақпарат қамтиды.
Тейшейраның достарының бірі оның қақтығыста ешқандай тарапты қолдамайтынын және Ресей мен Украинаның ортақ тұстары көп деп есептейтінін хабарлады.
Тейшейран ұсталғаннан кейін Пентагон АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін құпия құжаттардың таралып кетуіне байланысты келтірілген салдарды бағалайтынын және құпия мәліметтерге қол жеткізу процедурасын қарастыратынын мәлімдеді.