АҚШ ҚК Штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Марк Милли Украина аумағында орын алған әскери қақтығыстың жалпы нәтижесі алдағы бірнеше апта ішінде белгілі болатынын айтты.
Алдағы бірнеше апта ішіндегі оқиғалардың қалай өрбитіні Украина аумағындағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде шешуші рөл атқарады деп пайымдайды.
Жалпы нәтиже екі, үш, төрт апта ішінде анықталады, — деді Милли Германиядағы Рамштайн әуе базасында өтіп жатқан Батыстың Киевке әскери көмек көрсетуі туралы кеңесте.
Оның пікірінше, «уақыт Украинаға қарсы келеді». ШБК басшысы Батыс Киевке әскери көмек көрсетуін жалғастыру маңызды екенін атап өтті.
Кеңеске 40-қа жуық елдің өкілдері қатысуда. Олар Украинадағы жағдайды және оған жаңа қару-жарақ жеткізуді талқылауда.