Пентагон спикері генерал Пэт Райдер УҚК сәтті жүргізіп жатқан контршабуылына қатысты түсініктеме берді. Ол сондай-ақ Украина армиясының жетістігіне одақтастары мен серіктестері таңқалмағанын екенін атап өтті.
Оның сөзін АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
«Менің ойымша, егер біреу таң қалған болса… онда бұл ресейліктер болуы мүмкін», — деді Пэт Райдер
«Әрине, Ресейдің Украинаға баса-көктеп кіргелі бері украиндықтардың тез бейімделіп, жауынгерлік мүмкіндіктерін мүлтіксіз пайдаланатын қабілетін көрсеткенін байқадық», — деп АҚШ Қорғаныс министрлігінің сайты оның сөзін келтірді.
Сондай-ақ, УҚК соғыс алаңында пайда болған әскери мүмкіндіктерді пайдаланды. Харьков облысындағы контршабуылы бұған дәлел, деп атап өтті генерал.
Батыстың қару-жарақтары мен басқа да жеткізілімдері контршабуылдың сәтті болуына елеулі рөл атқарды және Украинаның «Рамштайн» қорғаныс жөніндегі байланыс тобымен өткен кездесуде Қорғаныс министрі Ллойд Остин III мен оның 50-ге жуық елдегі әріптестері Украинаға орта мерзімді және ұзақ мерзімді қорғанысы үшін қолдануға болатын жеткізілімдерді жалғастыруға және көрсетілетін көмекті ұлғайтуға уәде берді, деді Райдер.
«Сондықтан олардың (УҚК- ред.) жылдам алға жылжуы біз үшін таң қаларлық емес».
Украина әскерлері контршабуыл жүргізу барысында қолда бар техниканы өте тиімді пайдаланып, ұрыс алаңындағы динамикасын өзгертті, деп атап өтті генерал.
Контршабуыл басталғалы бірнеше күннің ішінде Украина Қарулы Күштері Харьков облысында 300-ден астам елді мекенді немесе 3,8 мың шаршы шақырымды қайтарды.