Пентагон, өз сарапшыларының пікірінше, Украина аумағында Ресей Федерациясының 70-80 мың адамы жер жастанған және жарақат алған деп мәлімдеді.
Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Колин Каль брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды CNN.
Сондай-ақ, Каль РФ ҚК-нің шығындары «айтарлықтай» екенін атап өтті.
«Украиналықтардың моральдық рухы мен олардың соғысуға деген ерік-жігері күмән тудырмайды, және менің ойымша, олардың ұрысқа дайындығы РФ әскерилерінен әлдеқайда жоғары. Сондықтан бұл украиндықтарға айтарлықтай басымдық береді деп ойлаймын», — деп мәлімдеді ол.