Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі Барлау басқармасының (ҚМББ) директоры Құрлық әскерлерінің генерал-лейтенанты Скотт Беррьер АҚШ Конгресі Сенатының Қарулы Күштер істері жөніндегі комитетінде сөйлеген сөзінде Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының алдағы онжылдықта ядролық арсеналдарын ұлғайтуы мүмкін екені туралы ресми пікір білдірді.
Ресей мен Қытай келесі онжылдықта ядролық оқ-дәрілер арсеналдарын айтарлықтай ұлғайтуы мүмкін», — деп мәлімдеді америкалық әскери барлау қызметінің бастығы.
«Мәскеу арсеналының ұлғаюы негізінен стратегиялық емес ядролық қару-жарақ [санының] өсуіне байланысты», — деді ол.
АҚШ-тың бағалауы бойынша Ресейде шамамен 1-2 мың тактикалық ядролық оқ-дәрі және 1,4 мыңға жуық стратегиялық жүйелерге арналған оқ-дәрі бар.
Ол сондай-ақ АҚШ-тың арнайы қызметтері қытайлық ядролық арсеналдың өсу қарқынына қатысты бұрынғы қорытындыларын қайта қарағанын айтты.
«Өткен жылы ҚМББ 200-ден астам шағын оқтұмсығы бар Қытай ядролық арсеналын кем дегенде екі есеге арттырады деп болжаған болатын. Содан бері Бейжің өзінің ядролық арсеналын ұлғайтуды жеделдетті, қазіргі онжылдықтың соңына қарай арсеналдың ықтимал мөлшеріне қатысты біздің осыған дейінгі болжамымыздан асып түсуі мүмкін», — деп есептейді Беррьер.