Пентагон басшысы «Вагнер» тобы жетекшісі қайтыс болғанына қарамастан Африкада ықпалы сақталып отырғанын мәлімдеді

Пентагон басшысы Ллойд Остин «Вагнер» тобының жетекшісі Евгений Пригожин қаза тапқаннан кейін де африлкалық елдерде ықпалын сақтап отырғанына алаңдаушылық білдірді. Хабарланғандай, АҚШ «Вагнер» күштерінің аймақтан жаппай шығарылғанын байқаған жоқ.

Остиннің айтуынша, Пригожиннің қаза болғанына бір айдан астам уақыт өткенімен, АҚШ Ресей үкіметінің «Вагнерге» қатысты нақты өзгеріс қабылдағанын байқамады. Ол сондай-ақ болашақта топта көшбасшылық үшін бәсекелестік болуы мүмкін, ал Ресей Африкадағы операцияларын қолдау үшін өз басқа әскермен алмастыруы мүмкін немесе басқа да нұсқаларды қарастыруы мүмкін деп болжады.

Остин таяу перспективаға қарамастан, «Вагнер» орта және ұзақ мерзімді перспективада Кремльдің қолдауынсыз Африкада қалуы қиынға соғатынын атап өтті.

Өткен айда ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылар арасында «Вагнера» тобының басшысы Евгений Пригожин де болған. Британдық барлау қызметі оның өлімі аталған топтың тұрақтылығы мен қызметіне елеулі әсер етуі мүмкін деп топшылаған.

Добавить комментарий