Испандық актриса Пенелопа Крус журналистерге балаларына әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салғанын айтты.
Әртіс 10 жастағы Леонардо мен 8 жастағы Лунаға фильм немесе мультфильм көруге рұқсат беретінін атап өтті, өйткені бала кезінде мұндай контентті көру оған «керемет бақыт» болып есте сақталып қалған. Бұл ретте Крус балаларына 16 жасқа толмайынша әлеуметтік желіні қолдануға рұқсат бермейтінін мәлімдеді. Актрисаның пікірінше, бұл олардың психикалық денсаулығын сақтауға көмектеседі.
«Мен қазіргі жасөспірімдерге жаным ашиды. Әлем оларға эксперимент жасап жатқан секілді. Олардың әлі пісіп жетілмеген миына ешнәрседен қорғалмаған» — деп атап өтті.
Бардем мен Крус 1992 жылы Бигас Лунаның «Ветчина, ветчина» фильмінің түсірілімінде танысқан. Олар 2010 жылы отау көтерген. Олардың тұңғыш баласы Леонардо 2011 жылы қаңтарда Лос-Анджелесте дүниеге келген. Актрисаның екінші рет бала көтергені туралы 2013 жылдың ақпан айында белгілі болды.