Павлодарлық полиция қызметкері «үздік әрекеті» үшін марапатталды

Павлодарлық полиция қызметкері ІІМ байқауының қорытындысы бойынша үздік әрекеті үшін марапатталды.

Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімінің қызметкері Азамат Саянов «Халық тану» республикалық қоғамдық сыйлығында марапатталды.

Қазақстанда алғаш рет кәсіби және қоғамдық қызметтің барлық салаларында үздіктерді анықтауға арналған байқау өтті.

Жеңімпаздар халықтық дауыс беру арқылы анықталды, марапаттар елордада табысталды.

5 қазанда Азамат Ертіс өзеніне батып бара жатқан 12 жасар Аспандияр мен 11 жасар Қуанышты құтқарып қалды.

Оқушылардың бірі жарға тым жақын келіп, өзенге құлап кеткен, екіншісі оны құтқаруға ұмтылды. Артынан екеуіде суға бата бастаған. Азамат олардың көмекке шақырған дауысын естіген.

«Сол күні мен паромнан туыстарымды күтіп алуға бардым. Бір уақытта балалардың айқайлап жатқанын естідім. Бәрі бір пәсте болды. Ойланбастан, өзенге қарай қарай жүгіріп, балаларды алып шықтым. Кейін оларды ата-аналарына апардым», — деді Азамат Саянов.

Аға сержант Ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол отбасындағы жалғыз ұл.

Добавить комментарий