Павлодардың экс-әкімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілініп, қамауға алынды

Павлодардың экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарланды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ол облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 млн теңге көлемінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін нысанды заңсыз сатып алды деген күдікке ілінген. Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда, — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің егжей-тегжейі жария етілмейді.

БАҚ әңгіме әуеайлақ туралы айтылып отыр деп жазады. Тергеу мәліметінше, Қайыргелдинов әуеайлақ пайдалануға жарамсыз болғанымен, оны Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне сатып алған.

Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл ауданының әкімі қызметін 2016-2019 жылдары атқарған. 2011 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар әкімі болып жұмыс істеді.

Оның әрекеттеріне құқық қорғау органдары жіктеме береді, ал кінәсін сот анықтайды. Алайда, Қазақстан бойынша көптеген жекешелендірілген объектілер, оның ішінде кезінде жекешелендірілген әлеуметтік және стратегиялық маңызды объектілер аянышты жағдайда, көбі қирап, басқалары қирау алдында тұрғандығын естен шығармау керек. Жауапсыз меншік иелерінің қолындағы осындай нысандардың қызметіне мемлекеттің араласпауы қайғылы зардаптарға әкеп соғады.

Добавить комментарий